|
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Астана қ. 2025 жылғы «__» _________
№ ___
|
|
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Астана қ. 2025 жылғы «__» _________
№ ___
|
|
Бірлескен бұйрық
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күшін жою туралы
|
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылсын.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика және Қазақстан Республикасы Қаржы министрліктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика вице-министрі
_____________Б. Омарбеков
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
______________М. Такиев
|
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің
2025 жылғы « »
№ және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы « »
№ бірлескен бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігінің күші жойылған бірлескен бұйрықтарының тізбесі
- «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке корпоративтік табыс салығын төлеуші ірі кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 309 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1449 бірлескен бұйрығы..
- «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке корпоративтік табыс салығын төлеуші ірі кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 309 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1449 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 сәуірдегі № 129 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 456 бірлескен бұйрығы.