Өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын, Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 525-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Министр М. Такиев
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы __ желтоқсандағы №_ бұйрығымен бекітілген
|
Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтер тізбесі мынадай:
1) Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген әуе көлік құралын, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, жөндеу бойынша;
2) Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген темір жол көлік құралын, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, жөндеу бойынша;
3) Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген ішкі су көлік құралын, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, жөндеу бойынша;
4) Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген теңіз көлік құралын, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, жөндеу бойынша;
5) Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген өздігінен қозғалатын суасты снарядтарын (торпедаларын) және кеме гидравликасының жабдықтарын (бұйымдарын) құралын, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, жөндеу бойынша қызмет түрлерін де қамтиды.