2025 жылы Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкімен бірлесіп, 2022-2024 жылдар кезеңіне арналған мемлекеттік шығыстар мен қаржылық есептілікті бағалауы (Public Expenditure and Financial Accountability - PEFA) жүргізілді.
PEFA бағалауы мемлекеттің қаржысын қаншалықты тиімді басқаратынын көрсетеді және халықаралық рейтинг агенттіктері мен инвесторлар үшін маңызды ақпарат береді.
Бағалау қаржылық есептіліктің ашықтығы, шығыстар мен кірістерді болжау және бақылау, фискалдық стратегия, сыртқы бақылау және аудит.
Бағалауға Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламенті, Жоғары аудиторлық палата, Ұлттық экономика министрлігі және Экология және табиғи ресурстар министрлігі қатысты.
Аталған бағалау Қазақстанда үшінші рет жүргізіліп отыр (алдыңғы бағалаулар 2009 және 2018 жылдары жарияланған).
PEFA сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес 2019 жылдан бері бағалау жүргізіп, есептерін жариялаған елдердің ішінде Қазақстан жоғары нәтижелер көрсетіп, Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болып табылады.
2022-2024 жылдарға арналған PEFA бағалауы алдыңғы бағалаумен салыстырғанда жақсарды:
2018 жылғы бағалаумен салыстырғанда «А» баллының саны 5-тен 12-ге дейін өсті, «В» баллы – 11 (сол деңгейде қалды), ал «С» баллы 11-ден 6-ға және «D» – 4-тен 2-ге азайды.