Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінің 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Бюджет түсімдері сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде 2026 қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдері болжамының жылдық сомасы бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және мемлекеттік органдардың бюджет түсімдері сыныптамасының тиісті кодтары бойынша түсімдер жоспарының жобасын жасау үшін салықтық, кедендік және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
- Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және
2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады.