ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2025 жылдың 9 айынның жұмыс қорытындылары

Салықтық және кедендік дауларды қарау бойынша Апелляциялық комиссия 2025 жылдың 9 айлығында 32 отырыс өткізді және сонда салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылардың 161 шағымы қаралды.

Қаралған 161 шағымның 48-і толықтай немесе ішінара жойылды, яғни барлық қаралған шағымнан 30%.

 2025 жылдың 9 айлығында Аппеляциялық комиссияның отырысына салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың 140 өкілдері қатысты және Апелляциялық комиссияның мүшелеріне тікелей өздерінің дәлелдерін жеткізді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Салық және кеден дауларын қарау жөніндегі апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 1 094 шешім орналастырылды, соның ішінде 2025 жылдың 9 айлығында 65 шешім орналастырылды. 

Бұдан басқа, сол шешімдер «Қазақстандағы салықтар», «Есеп KZ», «ПАРАГРАФ» және Қазақстан кедендік делдалдарының (өкілдерінің) ассоциациясы бизнес-қоғамдастықтарының интернет-ресурстарында орналастырылды.

ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2025 жылдың 9 айынның жұмыс қорытындылары
Дата публикации
16 октября 2025