Жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдары салығын жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдары салығын жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 500 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 қыркүйекте № 36879 болып тіркелді

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдары салығын жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

М. Такиев

Жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдары салығын жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралыого проекта по совершенствованию налогового администрирования в части сбора налогов на имущество и на транспортные средства физических лиц
Дата публикации
24 сентября 2025