Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшелердің тізбелерін бекіту туралы (15.07.2025ж. №365г.)

«Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық      қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдардың және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетің атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 233 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің тізбелері бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте осы бұйрыққа 1-қосымша 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады, осы бұйрыққа 2-қосымша 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі                                                                  М. Такиев

Бұйрық
Дата публикации
17 июля 2025