"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2025 жылғы 20.06 №312 бұйрық

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы
    23 сәуірдегі № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18603 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электрондық
шот-фактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19784 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-3-жолмен толықтырылсын:

«

3-3

Айналымы «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін есiрткi құралдары, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар

2025 жылғы

1 қыркүйек

»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларында:

13-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 1, 2, 3, 3-1, 3-2 және 3-3-жолда көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына өткізу, сату және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 1, 2, 3, 3-1, 3-2, 3-3 және 4-жолда көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік меншікке айналдырылған мүлікті өткізу кезінде (Тауарлар тізбесінің реттік нөмерлері 1, 2, 3, 3-1, 3-2, 3-3 және 4-жолда көрсетілген тауарлар) рәсімдеуге жатады;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) Тауарлар тізбесінің реттік нөмірі 3-2, 3-3 және 4-жолда көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша араластыруды қоспағанда, тауарларды бір тұлға шегінде және (немесе) бір тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында өткізу кезенде ресімдеуге жатады.»;

14-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 3, 3-1, 3-2 және 3-3-жолда көрсетілген автожанармай құю станциялары тауарларды бөлшек саудада өткізуі кезінде;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 1, 2, 3, 3-1, 3-2, 3-3 және 4-жолда көрсетілген тауарларды қоспағанда, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан межелі елі ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы болып табылатын, ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;»;

15-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына:

ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде – Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 1, 2, 3, 3-1, 3-2 және 3-3-жолда көрсетілген, олар бойынша кедендік тазарту жүргізілген тауарларды өткізу, сату және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей;

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;

3) Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 1, 2, 3. 3-1, 3-2, 3-3 және 4-жолда көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкету кезінде – тауарларды өткізу, сату және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей;»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 1, 2, 3, 3-1, 3-2, 3-3 және 4-жолда көрсетілген тауарларды алушы бастапқы ТІЖ ресімдейді, ол арқылы тауарлар виртуалды қоймаға түседі.

Осы тармақта көрсетілген тауарлар бойынша бастапқы ТІЖ деректер жеке мұқтаждары үшін пайдаланылатын тауарларды қоспағанда, жанама салықтарды төлеу фактісін мемлекеттік кірістер органдары растағаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ЭШФ-ны жазып беру кезінде шығарылған жерінің дереккөзін автоматты түрде көрсету мақсатында 328.00-нысанының деректерімен салыстыруға жатады.»;

23-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23-1. ТІЖ бойынша виртуалды қоймаға кіріске алынған, Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 1, 2, 3, 3-1, 3-2, 3-3 және 4-жолда көрсетілген тауарларды қоспағанда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар бойынша алушы, көрсетілген тауарларды виртуалды қоймадан есептен шығаруды жүргізеді.»;

24-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 1, 2, 3, 3-1, 3-2, 3-3 және 4-жолда көрсетілген тауарлар сатуға ТІЖ-ді ресімдемей виртуалды қоймадан есептен шығарылады».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

2025 жылғы 20.06 Бұйрық №312 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"
Дата публикации
09 июля 2025