Салықтық және кедендік дауларды қарау бойынша Апелляциялық комиссия 2025 жылдың 1 жартыжылдығында 20 отырыс өткізді және сонда салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылардың 108 шағымы қаралды.
Қаралған 108 шағымның 33-і толықтай немесе ішінара жойылды, яғни барлық қаралған шағымнан 31%.
2025 жылдың 1 жартыжылдығында Аппеляциялық комиссияның отырысына салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың 86 өкілдері қатысты және Апелляциялық комиссияның мүшелеріне тікелей өздерінің дәлелдерін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Салық және кеден дауларын қарау жөніндегі апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 1078 шешім орналастырылды, соның ішінде 2025 жылдың 1 жартыжылдығында 49 шешім орналастырылды.
Бұдан басқа, сол шешімдер «Қазақстандағы салықтар», «Есеп KZ» және «ПАРАГРАФ» бизнес-қоғамдастықтарының интернет-ресурстарында орналастырылды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Апелляциялық комиссияның шешімдерін Қазақстан кедендік делдалдарының (өкілдерінің) ассоциациясы ақпараттық платформасында орналастыру бойынша жұмыс басталды, онда салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар шағымдарды қарау нәтижелерімен таныса алады.