|
№ п/п |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сипаты |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар |
Аяқтау нысаны |
Уәкілетті мемлекеттік органның ұстанымы (басқа мемлекеттік органға ұсыным жіберу кезінде) |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Есепке алу тетігінің және тексеру алгоритмінің болмауы бұзушылықтарды анықтаған лауазымды тұлғаға өз қалауы бойынша кедендік декларацияны толтыру кезінде жіберілген бұзушылықтың сипатын бағалауға және кінәлі адамды әкімшілік жауапкершілікке тартпауға дискрециялық өкілеттік береді. |
Сыбайлас жемқорлықтың орын алу мүмкіндігін жою үшін салық есептілігін әкімшілендіруге ұқсас «АЕК» көмегімен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, тауарларға арналған декларацияны шығарғанға дейін және одан кейін жалған декларациялау белгілерін анықтау алгоритмін автоматтандыру немесе форматтық-логикалық бақылауды пайдалана отырып, жалған декларация белгілерін іздеуді жүйелеу қажет. Қарау режимінде кіру және шығу кезінде қарау нәтижелерін міндетті түрде толтырумен қалқымалы терезені қамтамасыз ету: бұзушылық анықталды/бұзушылық анықталмады міндетті түрде көрсету. Бұзушылық анықталған жағдайда заң нормаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық түрін көрсетіп, «Астана-1» ақпараттық жүйесінде (КЕДЕН) уәкілетті лауазымды тұлғаның берген декларацияларына мониторинг жүргізу кезінде қызметтік міндеттерін тиісінше орындау үшін жеке жауапкершілік белгіленсін. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне хат жолдансын. «Астана-1» (KEDEN) ақпараттық жүйесін жаңарту |
ҚР ҚМ МКК 20.03.2025 жылы № ДГД-8-2-6/3917, 21.04.2025 жылы № ДГД-8-2-6/D-627-5342 хат жолданды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің 25.04.2025 жылғы № KГД-13-2-11/16676-И жауабына сәйкес, 2024 жылғы қарашадан бастап «Кеден» Ұлттық біріктірілген платформасының екінші қосалқы кезеңін әзірлеу шеңберінде «Уақытша сақтау орындары» модулі (бұдан әрі – УСОМ сақтау орындарының иелері үшін) енгізілді. УСОМ Әдістемелік модулі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 16.02.2018 жылғы № 215 бұйрығымен бекітілген Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау тәртібімен белгіленген талаптарға сәйкес келетін журналдардың нысандарын қамтиды. УСО Модульін енгізу УСО иелері мен уәкілетті лауазымды тұлғаларға мынадай функционалдық: - тауардың түсуі мен жұмсалуын автоматтандырылған бақылау; - уақытша сақтау мерзімдерін бақылау; - тауарлар кедендік ресімдеуден өткен кедендік декларация туралы ақпаратты қарау мүмкіндіктерді береді. Осылайша, УСО модулін енгізу уақытша сақтаудағы тауарларды кедендік бақылаумен байланысты процестерді оңтайландырады және алдын ала ақпарат берілген сәттен бастап тауарларды шығарғанға дейін бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. |
31.12.2026ж.
|
|
2 |
«SOS» сигналдық түймелерінің болуы туралы жалған қауіпсіздік сертификаттарының берілуіне қатысты ұсынылған декларацияларға мониторинг жүргізу кезінде лауазымды тұлғалар уәкілетті органға өздері анықтаған бұзушылықтар туралы хабарламайды. |
Көлік құралдарының қауыпсыздық конструкцияларына куәләк (бұдан әрі - КҚҚКС) құжаттарды берудің ашықтығы мен заңдылығын орнату мақсатында аталған қызметті мемлекеттік қызмет етуді ұсынамыз. Мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда («SOS» батырмасының жоқтығы) мұндай бұзушылықтар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі тиісті уәкілетті мемлекеттік органына жібереді. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне хат жолдансын. КҚҚКС беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу. |
ҚР ҚМ МКК 20.03.2025 жылы № ДГД-8-2-6/3917, 21.04.2025 жылы № ДГД-8-2-6/D-627-5342 хат жолданды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің 25.04.2025 жылғы № KГД-13-2-11/16676-И жауабына сәйкес: Бұл функция мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жатпайтындықтан, ұсыныс қолдау таппай отыр. Өз кезегінде, жоғарыда аталған құжаттарды берудің ашықтығы мен заңдылығын орнату мақсатында аталған қызметті мемлекеттік қызмет түріне айналдыруды ұсынамыз. |
31.12.2026ж.
|
|
3 |
Кедендік тексеру рәсімін жүргізудің әзірленген тетігіне қарамастан, құрылымдық бөлімше басшысы өзінің қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдалана отырып, толық көлемде тексеру жүргізе немесе кедендік тексеру рәсімдерін жеделдете алады. |
«ИҚK істен шығу» мөрін қолдануды болдырмай, шекарадағы ИҚК-ның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажет. Тік және көлденең бақылау камераларымен жабдықталған арнайы уақытша сақтау қоймалары учаскелерінде кедендік тексерулер/тінтулер қатаң жүргізілуін қамтамасыз ету, сонымен қатар кедендік бақылаудың осы нысанына қажеттілік туындайтын жұмыстарды орындау үшін кедендік декларацияларды қабылдау тәртібін сақтай отырып, кедендік тексерулер жүргізу. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне хат жолдансын. Артықшылықтарды жою және тауарларды кедендік ресімдеу мерзімдері бөлігінде СЭҚҚ мүдделерін лоббилеуді жою. |
ҚР ҚМ МКК 20.03.2025 жылы № ДГД-8-2-6/3917, 21.04.2025 жылы № ДГД-8-2-6/D-627-5342 хат жолданды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің 25.04.2025 жылғы № KГД-13-2-11/16676-И жауабына сәйкес: Кедендік тексеру процедурасының ашықтығы мен толық қамтылуын қамтамасыз етпеуге қатысты Департаменттің уәждері заңнамалық деңгейде қамтылған, сондай-ақ тік және көлденең бақылау камераларымен жабдықталған арнайы уақытша сақтау қоймаларында қатаң түрде кедендік тексеру жүргізу қажеттігі туралы ұсынысы қолдау таппай отыр. |
31.12.2026ж.
|