БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Ерекшеліктері мен өңірлер бөлінісінде республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша болжамды қалыптастыру процесін автоматтандыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы (05.06.2025ж. №285)

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

 

Ерекшеліктері мен өңірлер

бөлінісінде республикалық

бюджетке түсетін салықтық

түсімдер бойынша болжамды

қалыптастыру процесін

автоматтандыру жөніндегі жол

картасын бекіту туралы

 

 

«Салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 6 маусымдағы № 13-1-Н нұсқамасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Қоса беріліп отырған Ерекшеліктері мен өңірлер бөлінісінде республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша болжамды қалыптастыру процесін автоматтандыру жөніндегі жол картасы бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушы

 

 _____________А. Әмрин

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

 ______________М. Такиев

 

 

   
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Дата публикации
05 июня 2025