должности, подверженные коррупционным рискам области Абай

                                                                                                                                                                         

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Департамент басшысы, Департамент басшысының орынбасары, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы және бас мамандары.

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Оңалту және банкроттық туралы қолданыстағы заңнамада банкроттық басқарушы үшін ай сайын кредиторлар комитетіне төлеуге жататын әкімшілік шығыстардың сомаларын көрсете отырып, жұмыс нәтижелері туралы есеп беру міндеті көзделген.

Өз кезегінде кредиторлар есепте көрсетілген шығыстардың негізділігі тұрғысынан қарайды және төлеуге жататын әкімшілік шығыстардың сомасын бекіту туралы шешім қабылдайды.

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-1-бабының 3-тармағында кредиторлар комитеттерінің шешімінсіз әкімшілік шығыстарды төлеуге жол берілмейтіні айқындалған.

Жоғарыда айтылғандардан банкроттық басқарушының бір айдан асатын кезең үшін атқарылған жұмыс туралы есеп беруге құқығы жоқ екендігі шығады. Кредиторлардың осындай әкімшілік шығыстарды бекіту туралы шешімі негізсіз, күшін жоюға жататын болады.

 

2

Департамент басшысы, Департамент басшысының орынбасары, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы және бас мамандары.

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқарманың қызметкері борышкерді банкрот деп танығаннан кейін әдейі банкроттық фактілері бойынша талдау жүргізуі, яғни борышкерді банкрот деп тануға әкеп соққан мән-жайларды анықтауы тиіс. Бұл ретте, ЭШФ талдауын, мониторингін және банк үзінділерін қызметкер жеке жүргізеді, бұл белгілі бір мәліметтерді жасыруға әкелуі мүмкін.

 

 

                                               

должности, подверженные коррупционным рискам области Абай
Дата публикации
05 июня 2025