Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 39-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |
|
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 21 мамырдағы № 244 |
|
бұйрығымен бекітілген |
Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
республикалық бюджетті жоспарлау сатысында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган;
республикалық бюджетті атқару сатысында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
жергілікті бюджеттерді жоспарлау сатысында облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар;
облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, жергілікті бюджеттердің атқарылу сатысында бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар;
бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджет шығыстары бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;
квазимемлекеттік сектор субъектілері алатын бюджет қаражаты бойынша қамтамасыз етеді.
2-тарау. Азаматтық бюджетті жасау тәртібі
1-параграф. Қазақстан Республикасының бюджеттік
процесінің қысқаша сипаттамасы
республикалық бюджетті, облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін кім және қалай жоспарлайды;
республикалық бюджетті, облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін кім қарайды және қандай нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бекітіледі;
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бюджет процесін сипаттау кезінде бюджетті атқарудың негізгі рәсімдерін көрсетеді:
республикалық бюджеттің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын кім қамтамасыз етеді;
түсімдер мен шығыстар бойынша тиісті бюджетті атқарудың негізгі кезеңдері;
ұлттық ресурстарды пайдалану көздері мен бағыттары туралы ақпаратты;
бюджет процесінің барлық кезеңдерінде бюджеттік сыныптамаға сәйкес егжей-тегжейлі деректер;
Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда түзетулердің қысқаша ақпараты, түзетулердің қашан және қандай себептермен енгізілгені көрсетіледі;
есепті қаржы жылына бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің жасалуы, қаралуы және бекітілуі көрсетіледі.
2-параграф. Бюджетті жоспарлау
(қалыптастыру, бекіту, нақтылау) сатысында
Республикалық деңгейде мынадай көрсеткіштерді қамтитын негізгі әлеуметтік көрсеткіштер көрсетіледі: ең төменгі күнкөріс деңгейі, айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі жалақы мөлшері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері, ең төменгі зейнетақы мөлшері, жұмыссыздық деңгейi.
Жергілікті бюджеттер деңгейінде айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі жалақы мөлшері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері, ең төменгі зейнетақы мөлшері, стипендия, жәрдемақы мөлшері көрсетіледі.
Бюджет түсімдерінде мыналар:
Бюджет шығыстарында функционалдық топтар бөлінісінде алдыңғы жылдармен салыстырғанда жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған негізгі басым бағыттар туралы ақпарат келтіріледі.
Республикалық бюджеттің мұнай емес тапшылығы (профициті) бойынша деректер көрсетіледі.
Мемлекеттік басқару секторының борыштық міндеттемелерінің жай-күйі туралы ақпарат, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша және оларды орындауға республикалық бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделетін мемлекеттік тапсырмалар туралы ақпарат, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарының болжамы көзделеді.
Азаматтық бюджетке оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша республикалық бюджет жобасына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын алдын ала бағалау туралы ақпарат енгізіледі.
Азаматтық бюджетке оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасына ревизиялық комиссиялардың алдын ала бағалау туралы ақпарат енгізіледі.
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шараларды, жоспарланатын шығыстарды сипаттай отырып және сомаларды миллион теңгеде көрсете отырып бюджеттік бағдарламалар, халық пен ел үшін жоспарланатын пайданы көрсете отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері туралы (көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) түпкілікті алушы ел халқы болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша ақпарат, оның ішінде мектептер, ауруханалар, автомобиль жолдары және басқа да объектілер құрылысы, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы, сондай-ақ жұмыс орындарын құру, жалақыны ұлғайту бойынша ақпарат енгізіледі);
бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерін бағалау туралы;
халық қатысатын бюджетті туралы (халық қатысатын бюджетті іске асыруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін) ақпараттарды енгізе отырып, жасайды.
3-параграф. Бюджеттi атқару сатысында
«Бюджетті атқару сатысында» деген бөлім ай сайынғы негізде қалыптастырылады. Бір рет жартыжылдықтың қорытындысы шығарылады (жартыжылдық шолу). Жылдың қорытындысы бойынша жылдық азаматтық бюджет (жылдық шолу) жасалады.
Ай сайынғы азаматтық бюджетте бюджеттің атқарылу сатысында мынадай: бюджеттің түсімдері мен шығыстары бойынша атқарылу сипатындағы ақпарат көрсетіледі.
Бюджет түсімдерінде:
Кірістер бойынша есепті кезеңге жоспарлы деректермен салыстырғандағы, есепті жылға жоспарлы деректермен салыстырғандағы, сондай-ақ тиісті есепті күнге алдыңғы кезеңдердің (кемінде соңғы үш жыл) нақты деректермен салыстырғандағы есепті деректер көрсетіледі. Есепті кезеңде кірістердің өсуі және (немесе) азаюы қандай түсімдердің есебінен болғаны туралы ақпарат ашылады.
Шығыстар бойынша есепті кезеңге жоспарлы цифрлармен салыстырғандағы, есепті жылға жоспарлы цифрлармен салыстырғандағы, сондай-ақ тиісті есепті күнге алдыңғы кезеңдердің (кемінде соңғы үш жыл) нақты цифрларымен салыстырғандағы ағымдағы атқару көрсетіледі. Шығыстардың негізгі басым бағыттары көрсетіледі (деректер үдемелі қорытындымен көрсетіледі).
Бюджетті атқару сатысында азаматтық бюджетті жартыжылдықта және жылдық шолуда ай сайынғы негізде берілетін ақпаратқа қосымша мыналарға:
негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің (ЖІӨ және (немесе) ЖӨӨ, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі) атқарылуына;
нақты атқарылуы ескеріле отырып, толық қаржы жылына экономикалық болжамды, кірістер мен шығыстар болжамын қоса алғанда, бюджетті нақтылау себептері мен көздерін көрсете отырып, бекітілген бюджетпен салыстырғандағы тиісті қаржы жылына бюджет параметрлерін нақтылауға талдау жүргізіледі.
Бюджетті атқару сатысындағы азаматтық бюджеттің жылдық шолуында нәтижелердің қол жеткізілген (қол жеткізілмеген) көрсеткіштерін, сондай-ақ халық пен ел үшін алынған пайда нәтижелері туралы, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бөлінген қаражатты игеру (көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) түпкілікті алушы ел халқы болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша ақпарат, оның ішінде мектептер, ауруханалар, автомобиль жолдарының құрылысы бойынша жобалардың жүзеге асуы және басқа да объектілер, жұмыстар, қызметтер туралы, сондай-ақ жұмыс орындарын құру, жалақыны ұлғайту бойынша ақпарат енгізіледі) туралы талдау да көрсетіледі.
Бюджетті атқару жөніндегі, оның ішінде жүргізіліп отырған бюджет саясаты және оны іске асыру туралы талдамалық ақпарат көрсетіледі.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ұсынымдарының орындалуы туралы ақпарат көрсетіледі.
Жартыжылдық және жылдық негіздегі мемлекеттік борышқа сәйкес егжей-тегжейлі деректер көрсетіледі.
Бюджеттен тыс қорлардың (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Арнаулы мемлекеттік қор) түсімдері мен шығыстары туралы ақпарат көрсетіледі.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері азаматтар үшін қолжетімді нысанда нәтижелердің қол жеткізілген (қол жеткізілмеген) көрсеткіштерін, халық пен ел үшін алынған пайда нәтижелері туралы, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бөлінген қаражатты игеру (көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) түпкілікті алушы ел халқы болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша ақпарат, оның ішінде мектептер, ауруханалар, автомобиль жолдары құрылысы бойынша жобалардың жүзеге асыру және басқа да объектілер, жұмыстар, қызметтер туралы, сондай-ақ жұмыс орындарын құру, жалақыны ұлғайту бойынша ақпарат енгізіледі) туралы ақпаратты да орналастырады;
Жергілікті бюджеттер деңгейінде халық қатысатын бюджетті іске асыруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері халық қатысатын бюджеттің іске асырылуы туралы ақпаратты орналастырады.
3-тарау. Азаматтық бюджетті жариялау тәртібі
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының ресми интернет ресурстары болмаған кезде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің «Азаматтық бюджет» деген салымы жоғары тұрған бюджетті мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың интернет-ресурсында орналастырылады.
Пайдаланушылардың қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның «Азаматтық бюджет» деген салымы бойынша интернет-ресурстарға өзара сілтеме жасауға жол беріледі.
Азаматтық бюджетті бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, облыстық әкімдіктер, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктер, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараттары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және квазимемлекеттік сектор субъектілері де ашық бюджеттердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырады
бюджетті жоспарлау (қалыптастыру) бойынша бюджет жобасын тиісті деңгейдің өкілді органына қарауға енгізу мерзіміне дейін бес жұмыс күні бұрын;
бюджетті бекіту (нақтылау) бойынша тиісті деңгейдегі өкілді орган бюджетті қабылдағаннан кейін күнтізбелік жиырма күн ішінде.
есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күніне дейінгі ай сайынғы ақпарат;
тиісті жылдың 1-ші қыркүйегінен кешіктірмей жарты жылдық шолу;
есепті қаржы жылындағы тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит органдарының ұсынымдарымен бір мезгілде тиісті деңгейдегі өкілді орган бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіткеннен кейінгі бір ай ішіндегі жылдық шолу орналастырылыды.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және квазимемлекеттік сектор субъектілері «Бюджетті атқару сатысында» деген бөлім бойынша ақпаратты тиісті деңгейдегі өкілді орган бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіткеннен кейін бір ай ішінде орналастырады.
|
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 21 мамырдағы № 244 |
|
Бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі