«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының жобасы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының жобасы

 

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының жобасы

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

1)    Мемлекет басшысының 2024 жылы 8 қарашадағы № 24-4729 қбп;

2)    Премьер-Министр О.А. Бектеновтің 2024 жылғы 11 қарашадағы

№12-01/4775 қбп-2//№24-4729 қбп;

3)    Премьер-Министр О.А. Бектеновтің 2024 жылғы 4 мамырдағы өткізу пункттерін стратегиялық объектілер тізбесіне енгізу жөніндегі (Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін таныстыру хаттамасы);

4)    «Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 352 бұйрығы;

5)    Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 01-11/12131-ХР қорытындысына сәйкес әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаны қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерін және «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі халықаралық көлік-логистикалық орталықты стратегиялық объектілер тізбесіне енгізу, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 01-11/12131-ХР қорытындысына сәйкес қызметінің қосымша түрлерін жүзеге асыру және «Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 352 бұйрығына сәйкес келтіру болып табылады.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15506795

форма
Дата публикации
24 апреля 2025