«Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба 2024 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына енгізілген өзгерістердің және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағының негізінде әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Трансферттік баға белгілеу шеңберінде жүзеге асырылатын мәмілелер мониторингі бойынша есетілікті толтыру қағидалары мен нысандарының жаңартылған нұсқасы.

«Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына сәйкес мәмілелер мониторингі бойынша есептілік мәміле түріне қарай төрт нысанға бөлінеді:

1)      мұнай мен газ конденсатының экспорты/импорты;

2)      тауарлардың экспорты / импорты;

3)      жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты/импорты;

4)      қарыз беру/алу.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаны әзірлеудің мақсаты артық бағандарды алып тастау және мәмілелерді дәл есепке алу үшін қажетті қосымша бағандарды қосу арқылы мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті толтыру және оны мемлекеттік кірістер органдарының тексеру процесін оңайлату болып табылады. Бұл ретте, жаңа бағандар Мәмілелер мониторингін жүзеге асырудың қолданыстағы қағидалары шеңберінде көзделмеген қосымша ақпаратты енгізуді көздемейді.
НҚА-ны орналастыру бойынша күтілетін нәтижелердің мерзімі - 2025 жылғы мамыр айының басы.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Аталған НҚА жобасы салық төлеушілер үшін мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті толтыру процесін оңайлатады (салық төлеуші  жыл сайын тапсыратын есептіліктің тек нысаны мен толтыру қағидалары өзгереді), осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдарлар болмайды.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15515189

Форма
Дата публикации
23 апреля 2025