Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 10 және 168-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзіне мыналарды:
бюджет түсімдерінің сыныптамасын;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтитын Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |