ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2024 жылдың 9 айынның жұмыс қорытындылары

Салықтық және кедендік дауларды қарау бойынша Апелляциялық комиссия 2024 жылдың 9 айлығында 32 отырыс өткізді және, сонда салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылардың 179 шағымы қаралды.

Қаралған 179 шағымның 55-ы толықтай немесе ішінара жойылды, яғни барлық қаралған шағымнан 31 %.

 2024 жылдың 9 айлығында Аппеляциялық комиссияның отырысына салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың 83 өкілдері қатысты және Апелляциялық комиссияның мүшелеріне тікелей өздерінің дәлелдерін жеткізді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 999 шешім орналастырылды, соның ішінде 2024 жылдың 9 айлығында 81 шешім орналастырылды. 

Бұдан басқа, сол шешімдер «Қазақстандағы салықтар», «Есеп KZ» және «ПАРАГРАФ» бизнес-қоғамдастықтарының интернет-ресурстарында орналастырылды.

Дата публикации
01 апреля 2025