Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдардың және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдардың және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық қолданылу мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолданылатын Тізбенің 6, 9, 10, 12, 17-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігі

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрлігі

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Экология және табиғи ресурстар министрлігі

НҚА жобасы
Дата публикации
14 марта 2025