Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімге 2023 жылы 29 тамызда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттер үкіметтері басшыларының орынбасарлары қол қойған болатын.
Келісім, бір мүше мемлекеттің резидент банктері берген банк кепілдіктерін басқа мүше мемлекеттің мемлекеттік сатып алуға қатысуы үшін пайдалануына мүмкіндік береді.
Осы құжатта, банк кепілдіктерін беруге құқылы банктерге қойылатын талаптар мен банктердің тізбесін қалыптастыру және банк кепілдіктерінің тізілімін жүргізу бойынша тәсілдер айқындалған.
Келісімді ратификациялау, ЕАЭО елдерінің әлеуетті өнім берушілерінің мемлекеттік сатып алуларға өзара кедергісіз қатысуын қамтамасыз етеді және мемлекеттік сатып алу саласындағы ынтымақтастықты ұзақ мерзімді және тұрақты негізде нығайтуға мүмкіндік береді.