«Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Лауазымы Аты-жөні
Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығымен
бекітілген
Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) ағымдағы баға – электрондық аукцион барысында қалыптасатын лоттың бағасы;
2) банкрот – заңды күшіне енген сот шешімімен дәрменсiздiгi белгiленген борышкер;
3) бастапқы баға – банкроттың мүлкін Сату жоспарында айқындалған, электрондық аукцион басталатын лот бағасы;
4) борышкер – оларға қатысты Заңда көзделген рәсімдер қолданылған дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (бұдан әрі – дара кәсіпкер) немесе заңды тұлға;
5) жабық электрондық аукцион – айналымы шектелген мүлікті сату бойынша электрондық аукцион;
6) жеңімпаз – аукцион лоты үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған және электрондық аукционның қорытындысы туралы хаттамаға қол қойған электрондық аукционға қатысушы;
7) кепілді жарна – электрондық аукционға қатысу үшін жеке немесе заңды тұлға енгізетін ақша сомасы;
8) қатысушы – электрондық аукционға немесе жабық электрондық аукционға қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб порталында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;
9) қатысушының ақша балансы (бұдан әрі – электронды әмиян) – әлеуетті қатысушы екінші деңгейлі банктегі ұйымдастырушының арнайы транзиттік шотына енгізген ақша қаражатын есептеу үшін ұйымдастырушы пайдаланатын тізілімдегі әлеуетті қатысушының жеке шоты;
10) лот – электрондық аукционда бір мезгілде сатылатын зат немесе бірнеше зат;
11) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық деректер қорына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс (бұдан әрі – деректер қоры)
12) сатушы – уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы;
13) сатып алушы – сатып алу-сату шартына қол қойған электрондық аукционның жеңімпазы;
14) сату бағасы – электрондық аукцион нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы;
15) уәкілетті орган – оңалту және банкроттық саласында (қазыналық кәсіпорындар, мекемелер, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
16) ұйымдастырушы – уәкілетті орган айқындаған және сатушымен банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу бойынша электрондық қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлға;
17) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
18) электрондық аукцион – электрондық форматта тізілімнің веб-порталын қолдана отырып өткізілетін электрондық аукцион, оның ішінде жабық электрондық аукцион сауда-саттығының нысаны;
19) электрондық аукцион залы (бұдан әрі – аукцион залы) – электрондық аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
20) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
2-тарау. Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібі
Стратегиялық объектілерге жатқызылған банкроттың мүлкін сату Мемлекеттік мүлік туралы заңның 187-бабы 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мүліктік массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртiбiн, сондай-ақ сатып алушыларға қосымша талаптар белгiлеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін ескере отырып жүзеге асырылады.
Уақытша басқарушының Сату жоспарын келісуі Заңның 99-бабының 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Дебиторлық берешек электрондық аукционға оның номиналды мәні 75 (жетпіс бес) пайыз мөлшерінде шығарылады.
1) сатушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – ТАӘ), жеке сәйкестендiру нөмiрі (бұдан әрі – ЖСН), телефоны мен мекенжайы;
2) банкроттың атауы/ТАӘ (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), ЖСН немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН), заңды мекенжайы;
3) лот туралы мәлімет (мүліктің атауы, жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі, орналасқан жері, қысқаша сипаттамасы, шығарылған/ салынған жылы, техникалық жай-күйі және сату объектісі туралы өзге де мәліметтер);
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, оның ішінде айналымы шектелген мүлікті немесе стратегиялық объектіні өткізу кезінде белгілеген сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптар;
5) банкрот қызметінің негізгі бейіні;
6) банкроттың банктік деректемелері;
7) сатушының шешімі бойынша қосымша ақпарат.
Енгізілген ақпаратқа қосымша сатушы деректер қорына мынадай құжаттардың сканерленген көшірмелерін енгізуді қамтамасыз етеді:
1) қаржылық есептілік депозитарийінен жүктеп алынатын сату объектісін бағалау туралы есеп (ол бар болса) не түгендеу актісін қоса бере отырып, кредиторлар комитетінің мүлікті теңгерімдік құны бойынша шығаруға келіскені туралы хаттамалық шешімі;
2) электрондық аукционға қойылған сату объектісінің сыртқы сипаты мен техникалық сипаттамасын жан-жақты және көзбен қарап бағалауға мүмкіндік беретін кем дегенде 6 (алты) фотосурет;
3) кредиторлар комитеті бекіткен Сату жоспары;
4) кредиторлар комитеті отырысының Сату жоспарын бекіту туралы хаттамасы;
5) сату объектілерінің құқық белгілейтін құжаттары, олардың негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туындайды, өзгереді және (немесе) тоқтатылады.
Егер стратегиялық объектіге жатқызылған банкроттың мүлкі сатылатын болса деректер қорына осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген құжаттардың көшірмелері енгізіледі және мемлекеттік органдардың «Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысымен бекітілген Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларымен белгіленген тәртіппен алынған банкроттың мүлкіне құқықтарды іске асыруға жазбаша келісімі.
1) электрондық аукционды өткізу күні мен уақыты;
2) Сату жоспарына 1-қосымшаға сәйкес лоттың бастапқы бағасы;
Мүлікті электрондық аукционға қайта қою кезінде сатушы Сату жоспарына 2-қосымшаға сәйкес деректер базасына лоттың бастапқы бағасын енгізеді.
3) кепілді жарнаның мөлшері;
4) өтінімдер қабылдау мерзімі;
5) лот туралы мәлімет (мүліктің атауы, жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі, орналасқан жері, қысқаша сипаттамасы, шығарылған/ салынған жылы, техникалық жай-күйі және сату объектісі туралы өзге де мәліметтер);
6) банкроттың атауы/ ТАӘ, БСН/ЖСН, заңды мекенжайы;
7) сатушының ТАӘ, ЖСН, телефоны мен мекенжайы;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, оның ішінде айналымы шектелген мүлікті немесе стратегиялық объектіні өткізу кезінде белгілеген сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптар;
9) ұйымдастырушының банктік деректемелері;
10) ұйымдастырушының телефоны мен мекенжайы;
11) сатушының шешімі бойынша қосымша ақпарат.
Ұйымдастырушы мен сатушы электрондық аукционға қатыспайды. Қатысушыларға консультациялық көмекті ұйымдастырушы, оның ішінде оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшелер арқылы көрсетіледі.
жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: ЖСН, ТАӘ;
заңды тұлғалар үшін: БСН, толық атауы, бірінші басшының ТАӘ;
екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері (кепілді жарнаны қайтару үшін);
байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып 5 (минут) бұрын аяқталады.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, қатысушы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде тізілімнің веб-порталында енгізілген деректерді өзектендіреді.
Электрондық өтінім беру үшін қатысушы:
1) тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркеледі.
Электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламада мүліктік массаны сатып алушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мүліктік массаны сатып алушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекше шарттар мен қосымша талаптар болған жағдайда, электрондық аукционға қатысушылар электрондық өтінімге өздерінің осы шарттар мен талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса тіркейді.
Жабық электрондық аукционға осы мүлікті сатып алуға құқығы бар Заңның 99-бабының 3-тармағына сәйкес адамдардың қатысуына жол беріледі.
Жабық электрондық аукционға қатысушылар электрондық өтінімге жабық электрондық аукцион шарттары мен талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса тіркейді.
2) электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген ұйымдастырушының банктік шотына (арнайы транзиттік шотына) лоттың бастапқы құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде кепілдік жарна енгізеді.
Кепілдік жарна аукцион нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес электрондық аукционға қатысу кезінде мәлімделген шарттарда сатып алу-сату шартын жасасуды қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Кепілдік жарнаны төлем құжатына енгізген кезде төлем тағайындауда қатысушының ЖСН немесе БСН көрсетіледі.
1) электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген сату объектісін сатып алушыларға қойылатын ерекше шарттарға және (немесе) қосымша талаптарға сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлға;
2) ұйымдастырушы;
3) сатушы электрондық аукционға қатыспайды.
Электрондық аукцион электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақытында басталады.
1) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
2) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еседен 50 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 7 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
3) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еседен 100 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
4) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 100 000 еседен 250 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 2,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
5) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 250 000 еседен 500 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 1 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
6) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 500 000 еселенген және одан жоғары мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 0,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
1) электрондық аукционның басталу сәтінде аукцион залында қатысушылардың лот үшін баға ұсыныстары көрсетіледі, бұл олардың шарттарды сақтай отырып, лотты сатып алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады және ағымдағы баға қалыптасады;
2) электрондық аукцион басталған сәттен бастап, қатысушыға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғарғы бағасын осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайтуға мүмкіндік беріледі;
3) егер электрондық аукцион басталғаннан 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бір де біреуі ағымдағы ең жоғарғы бағаны ұлғайтпаса, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;
4) егер электрондық аукцион басталғаннан 20 (жиырма) минут ішінде аукцион залында қатысушылардың біреуі басқа қатысушының ағымдағы ең жоғарғы бағасын осы Қағидалардың 41-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайту жолымен лотты сатып алуға өз ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;
5) егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бір де біреуі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен лотты сатып алуға өз ниетін растамайтын болса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;
6) егер электрондық аукцион аяқталатын сәтте Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаған болса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады.
1) техникалық ақау фактісінің болуын тіркейді және тізілімнің веб-порталы тарапында ол болған кезде сатушыны және аукционның барлық қатысушыларын тізілімнің веб-порталында электрондық аукционның тоқтатылғаны туралы ақпаратты орналастыру арқылы хабардар етеді.
2) тізілімнің веб-порталында ақпаратты орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарды жолдау арқылы электрондық аукционға қатысуға жіберілген қатысушыларды осы электрондық аукционның жалғасатын күні мен уақыты туралы хабардар ете отырып, техникалық ақауды ұйымдастырушы түзеткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық аукционды жалғастыруды ұйымдастырады.
Қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдықтарында техникалық ақаудың болуы электрондық аукционды тоқтата тұру үшін негіз болып табылмайды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама электрондық аукционның нәтижелерін, сондай-ақ жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша лотты сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
Өтпеген аукцион туралы акті тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады.
Ұйымдастырушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аудару өтініші негізінде сауда-саттықта жеңімпаз болған қатысушының электрондық әмиянында бұғаттаудан шығарылған кепілдік жарнасын сатушының шотына аударады.
Сауда-саттықта жеңімпаз болған қатысушының кепілдік жарнасы сомасындағы ақшалай қаражатты сатып алу-сату шарты бойынша сома есебіне жатады.
Электрондық әмияннан ақша қаражатын сауда-саттыққа қатысушыларға қайтару тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, қатысушылар қол қойған ақшалай қаражатты қайтаруға арналған өтініштер негізінде ұйымдастырушыға өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
Жеңімпаз белгіленген мерзімде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда кепілдік жарна қайтарылмайды.
Ұйымдастырушы сатушы электрондық аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қойған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жеңімпазға қайтаруға жатпайтын кепілдік жарнаны сатушының шотына аударады.
Аталған лот бойынша жойылған электрондық аукцион шарттарымен қайтадан электрондық аукцион өткізіледі.
Жеңімпаз белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепілдік жарна қайтарылмайды.
Ұйымдастырушы сатып алу-сату шарты бойынша қалған сома түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сатушының банктік шотына (немесе электрондық әмиянына) оны аударады.
Қалған соманы белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда сатушы сатып алу-сату шартын біржақты тәртіппен бұзады.
Сатып алу-сату шарты бұзылған кезде кепілдік жарна қайтарылмайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар сатып алу-сату шартында көрсетіледі.
Аталған лот бойынша жойылған электрондық аукцион шарттарымен қайтадан электрондық аукцион өткізіледі.
Банкроттың мүлкін сату
бойынша электрондық
аукционды өткізу
қағидаларына
1-қосымша
Нысаны
20__ жылғы «___» _________
уәкілетті органмен
келісілді
Тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарларды сату жоспары
________________________________________________________________________________________________________________________________________
(борышкердің атауы/тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және борышкердің деректемелері (бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
Заңды мекенжайы _______________________________________________ ____________________________________________________________________
Банктік шоты________________________________________________ ____________________________________________________________________
Негізгі қызмет түрі ___________________________________________ ____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________ облысының (қаласының) мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 20__жылғы «___» _________ шешімімен _________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(дара кәсіпкер үшін: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), заңды тұлға үшін: атауы)
банкрот деп танылды.
Мүлік сатуға __________ лотпен (лоттармен) қойылады:
(саны)
|
Лот № |
Лоттың сипаттамасы (сату объектісінің атауы, физикалық жай-күйі, жарамдылық мерзімі және басқа) |
Мүліктің теңгерімдік құны (мың теңге) |
Бастапқы бағасы (мың теңге) |
Сатудың ерекше шарттары (айналымы шектелген борышкердің мүлкін сату кезінде) ________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сатып алушыға қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қосымша талаптар_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Уақытша басқарушы__________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы)
Банкроттың мүлкін сату
бойынша электрондық
аукционды өткізу
қағидаларына
2-қосымша
Нысаны
20__ жылғы «___» _________
уәкілетті органмен
келісілді
Банкроттың мүлкін
сату жоспары
____________________________________________________________________________________________________________________________________
(борышкердің атауы/тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және деректемелері (бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
Заңды мекенжайы ___________________________________________________
____________________________________________________________________
Банктік шоты______________________________________________________ ____________________________________________________________________
Негізгі қызмет түрі ________________________________________________ ____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________ облысының (қаласының) мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 20__жылғы «___» _________ шешімімен _________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(дара кәсіпкер үшін: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), заңды тұлға үшін: атауы)
банкрот деп танылды.
Уәкілетті органның 20__ жылғы «___» _______ № _____ бұйрығымен
_________________________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
банкроттықты басқарушы болып тағайындалды.
Уақытша (банкроттықты) басқарушы борышкердің мүлкін түгендеуді 20__ жылғы «___» ____________ бастап 20__ жылғы «___» ___________ аралығында жүргізді.
Борышкердің мүлкін бағалауды 20__ жылғы «__» ___________ ____________________________________________________________________
(лицензияны берген органның атауы)
берілген, тіркеу нөмірі ________________________________ мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензиясы бар _____________________________________________________________________________________________________________________________________
(дара кәсіпкер үшін: тегі, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), заңды тұлға үшін: атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
жүргізді.
20__ жылғы «___» ________________ шартқа сәйкес 20__ жылғы «___»
______________ бастап 20__ жылғы «___» ___________ аралығында бағалау жүргізілді.
Сатудың ерекше шарттары (айналымы шектелген борышкердің мүлкін немесе стратегиялық объектіні сату кезінде) ______________________________ ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сатып алушыға стратегиялық объектілер бойынша (бар болса) қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген қосымша талаптар _____________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Банкроттықты басқарушы __________________________________________ ____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы)
Банкроттың мүлкін
Сату жоспарына
1-қосымша
Мүлік сатуға _________ лотпен (лоттармен) қойылады:
(саны)
|
Лот № |
Лоттың сипаттамасы (кадастрлық нөмірі, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқада мәліметтер) |
Мүліктің құны (мың теңге) |
Бастапқы бағасы (мың теңге) |
|
|
Теңгерімдік |
Бағалау |
|||
Банкроттың мүлкін
Сату жоспарына
2-қосымша
Мүлік сатуға ______ лотпен (лоттармен) қайта қойылады:
(саны)
|
Лот № |
Лоттың сипаттамасы (кадастрлық нөмірі, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқада мәліметтер) |
Мүліктің құны (мың теңге) |
Мүліктің электрондық аукционға алдыңғы қоюдың бастапқы бағасы (мың теңге) |
Бастапқы бағасы (мың теңге) |
|
|
Теңгерімдік |
Бағалау |
||||
|
|
|||||
Банкроттың мүлкін сату
бойынша электрондық
аукционды өткізу
қағидаларына
3-қосымша
Нысаны
Банкроттың мүлкін сату бойынша
электрондық аукционға қатысуға
өтінім
1._______________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
(дара кәсіпкер үшін: тегі, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), заңды тұлға үшін: атауы)
банкроттың мүлкін сату туралы жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап және Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу қағидаларымен танысып, тізілімнің веб-порталында 20__ «__» __________ сағат __ өтетін электрондық аукционға қатысуға ниет білдіреді.
______________________________________________(______________) теңге
(жазбаша)
кепілдік жарнасын (жарналарын) енгіздім (енгіздік).
Енгізілген кепілдік жарна туралы мәліметтер:
|
Р/с № |
Кепілдік жарнаның мақсаты және электрондық аукциондарға қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген лоттың атауы |
Төлем құжатының № |
Төлем құжатының күні |
Кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
|
1 |
||||
|
2 |
||||
|
Жиыны |
1) сату объектісін сатып алушыларға қойылатын электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген ерекше шарттарға және (немесе) қосымша талаптарға сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлға;
2) ұйымдастырушы;
3) сатушы қатысушы ретінде тіркелуге жатпайтыны туралы хабардармын (хабардармыз).
1) белгіленген мерзімде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған;
2) белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаған;
3) сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасы енгізілмеген;
4) мен (біз) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған;
5) мен (біз) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінім (келмейтініміз) анықталған жағдайларда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтыны және сатушыда қалатынымен келісемін (келісеміз).
Дара кәсіпкер үшін:
Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) __________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі________________________________________
Төлқұжат деректері____________________________________________ ____________________________________________________________________
Мекенжайы:________________________________________________________________________________________________________________________
Телефон нөмірі (факс):____________________________________________
Банктік деректемелері: _________________________________________ ____________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру коды_________________________________________
Бизнес сәйкестендіру коды________________________________________
Банктің атауы___________________________________________________
Бенефиар коды__________________________________________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1)__________________________________________________________________________________________________________________________________
2)__________________________________________________________________________________________________________________________________
3)__________________________________________________________________________________________________________________________________
Заңды тұлға үшін:
Атауы______________________________________________________________________________________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі_______________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) ___________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекенжайы:________________________________________________________________________________________________________________________
Телефон нөмірі (факс):____________________________________________
Банктік деректемелері:
Жеке сәйкестендіру коды_________________________________________
Банктік сәйкестендіру коды_______________________________________
Банктің атауы___________________________________________________
Бенефиар коды__________________________________________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1)__________________________________________________________________________________________________________________________________
2)__________________________________________________________________________________________________________________________________
3)__________________________________________________________________________________________________________________________________
Өтініш берушінің ЭЦҚ деректері;
Өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қойған күні мен уақыты:
20__ жылғы «___» _____________ ___ сағат ___ минут.
Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20__ жылғы «___» ___________ _____ сағат ___ минутта қабылданды.
Қатысушының аукциондық нөмірі (өтінімде аукцион аяқталғаннан кейін көрінеді) _________________________________.