«Бюджет түсімдері сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде 2024 қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдері болжамының жылдық сомасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы №1280 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы (19.12.2024ж. №857)

«Бюджет түсімдері сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде 2024 қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдері болжамының жылдық сомасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы                           12 желтоқсандағы №1280 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы
4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 52-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Бюджет түсімдері сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде
    2024 қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдері болжамының жылдық сомасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
    Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы
    12 желтоқсандағы №1280 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдері сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде 2024 қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдері болжамының жылдық сомасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және мемлекеттік органдардың бюджет түсімдері сыныптамасының тиісті кодтары бойынша түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу үшін салықтық, кедендік және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелердің назарына жеткізсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және
    2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі                                                                  М. Такиев

857 Бұйрық
Дата публикации
05 января 2025