«Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

ҚР ҚМ бұйрығының жобасы

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының

кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

  

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
    2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарында:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 240-2-жолмен толықтырылсын:

«

 

240-2

ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД «Сарайшық» ауданы бойынша МКБ

6209

 

».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Лауазымы

 

Аты-жөні

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Бұйрық жобасы
Дата публикации
17 декабря 2024