"«Қосылған құн салығы бойынша болжамды міндеттемелердің автоматтандырылған есебін жүргізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы"

«Қосылған құн салығы бойынша болжамды міндеттемелердің автоматтандырылған есебін жүргізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған қосылған құн салығы балансын автоматтандырылған есептеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.

 

 

Лауазымы

 

 

 

              Аты-жөні

 

Бұйрығына қосымша

 

 

Қосылған құн салығы балансын автоматтандырылған есептеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қосылған құн салығы балансын автоматтандырылған есептеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері
    (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және ҚҚС балансын автоматтандырылған есебтеу және «e-Тамға» арнайы ақпараттық сервисін пайдалана отырып ҚҚС баланстық сомасын есепке алу жөніндегі пилоттық жобаны
    (бұдан әрі – Пилоттық жоба) жүргізу тәртібін айқындайды.
  2. Қағидалар қосылған құн салықтың (бұдан әрі – ҚҚС) әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында әзірленді.

Салық төлеушіні-ҚҚС төлеушіні  (бұдан әрі – ҚҚС төлеуші) кезеңіндегі қосылған құн салығы бойынша болжамды салық міндеттемелері туралы алдын ала хабардар ету Қағидалармен анықталған.

Бұл ретте ҚҚС бойынша салық міндеттемелерін болжамды есепке алу ҚҚС бойынша салық міндеттемелерін нақты есепке алуды алмастырмайды, тек қана ҚҚС төлеушіні  ақпараттандыруға арналған.

  1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «e-Тамға» арнайы ақпараттық сервисі (бұдан әрі – «e-Тамға» жүйесі) – Оператордың тіркеу ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ТАЖ) іске асырылған ақпараттық сервис түріндегі бағдарламалық қамтамасыз ету;

2) «e-Тамға» арнайы ақпараттық сервисінің операторы
(бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
24 сәуірдегі № 387 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымы - «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы;

3) есептеме – ҚҚС бойынша болжамды міндеттемелердің автоматтандырылған есептеу.

4) мемлекеттік кіріс органы – өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;

5) салық кезеңі – ҚҚС бойынша балансты есептеу үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады;

6) салық шоты  –  ҚҚС есепке алу үшін Операторда ашылған салық төлеушінің ағымдағы шоты;

7) тауарға арналған декларация – тауарды шығару үшін қажетті тауар туралы негізгі мәліметтер көрсетілетін кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде пайдаланылатын кедендік декларациялардың бір түрі;

8) тауарға ілеспе жүкқұжат (бұдан әрі – ТІЖ) – тауардың салық төлеушіге тиеп жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжат;

9) электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) – электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «ЭШФ» АЖ) арқылы жазып берілген және салық заңнамасының нормаларына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларына және оның нысанына сәйкес келетін құжат;

  1. Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда.

 

 

2-тарау. Пилоттық жобаға қатысушылар

 

  1. Мыналар:

1) Мемлекеттік кірістер органдары;

2) ҚҚС төлеуші;

3) Оператор Пилоттық жобаның қатысушылары болып табылады.

 

 

3-тарау. Пилоттық жобаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

 

  1. ҚҚС төлеуші:

1) мемлекеттік кірістер органдарынан «e-Тамға» жүйесін қолдану бойынша түсіндірмелер алуға;

2) мемлекеттік кірістер органдарынан есептеу бойынша ақпарат алуға;

3) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою күніне және «e-Тамға» жүйесі арқылы ҚҚС бойынша есептен шығару күніне тауарлардың қалдығы бойынша ҚҚС сомасы туралы мәліметтерді ұсынуға құқылы;

4) Есептеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар беруге.

Есептеу бойынша ақпарат алу және тауарлардың қалдықтары бойынша ҚҚС сомасы туралы мәліметтерді ұсыну мақсатында ҚҚС төлеуші ерікті негізде «e-Тамға» жүйесіне қол жеткізуді ұсыну жөніндегі Пайдаланушы келісіміне (бұдан әрі-Пайдаланушы келісімі) электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою арқылы «e-Тамға» жүйесінде тіркеледі.

«e-Тамға»  жүйесінде тіркелген кезде ҚҚС төлеуші хабарламаларды, оның ішінде ұялы телефонның байланыс нөмірін алатын ақпараттық сервистер көрсетіледі.

  1. Мемлекеттік кірістер органдары Оператордың деректерін салықтық әкімшілендіру барысында пайдалануға құқылы.
  2. Мемлекеттік кірістер органдары:

1) ҚҚС төлеушілерге Пилоттық жоба бойынша түсіндірмелер беруге;

2) «ЭШФ» АЖ-да ҚҚС-тың баланстық сомасы туралы мәліметтерді орналастыруға құқылы.

  1. Оператор:

1) мемлекеттік кірістер органдарынан есептеу үшін қажетті деректерді алуға;

2) Пилоттық жоба бойынша түсіндірме сұратуға;

3) Есептеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар беруге;

4) мобильді азаматтар базасынан мәліметтер сұратуға;

5) Пайдаланушының келісімін бекітуге құқылы.

  1. Оператор:

1) ҚҚС төлеушінің өтініші бойынша ҚҚС-ты есептеу мен баланстық сомасы бойынша салыстырып тексеруді ұсынуға;

2) мемлекеттік кірістер органдарына «e-Тамға» жүйесінің деректерін ұсынуға;

3) ҚҚС төлеушіге «e-Тамға» жүйесіне үздіксіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

4) мемлекеттік кірістер органының қызметкерлерін «e-Тамға»  жүйесінде автоматтандырылған жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;

5) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.

 

 

4-тарау. Пилоттық жобаны жүргізу тәртібі

 

  1. ЭШФ, тауарларға арналған декларациялар, жанама салықтарды әкелу және төлеу туралы өтініштер және бюджетке төленетін төлемдер бойынша ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеттің және Министрліктің ақпараттық жүйелерімен ТАЖ ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы «e-Тамға» жүйесіне беріледі.
  2. «e-Тамға» жүйесінде келіп түскен ақпаратты ескере отырып, ҚҚС балансы қалыптастырылады, ол «ЭШФ» АЖ және «e-Тамға» жүйесінің салық шотында көрсетіледі.
  3. ҚҚС балансын есептеу салық кезеңі үшін өспелі қорытындымен автоматтық түрде жүргізіледі және осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген деректердің түсуіне қарай өзгереді.
  4. Оператор апта сайын әр дүйсенбіде ҚҚС төлеуші басшысының ұялы телефон нөміріне және оператормен Пайдаланушы келісімін жасасу кезінде ҚҚС төлеуші көрсеткен ұялы телефонның байланыс нөміріне ағымдағы күнге деректердің өзектілігімен өспелі қорытындысы бар ҚҚС балансының сомасы туралы хабарлама жібереді.

 

 

5-тарау. ҚҚС баланстық сомасын есепке алу тәртібі

 

  1. ҚҚС есептеу мына формула бойынша жүргізіледі: Б=ҚҚС1+ҚҚС2+ҚҚС3+ҚҚС4-ҚҚС5-ҚҚС6, мұндағы:

Б – ҚҚС баланстық сомасы;

ҚҚС1 – ҚҚС төлеуші алған ЭШФ көрсетілген ҚҚС жалпы сомасы;

ҚҚС2 – Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 18 қосымшаға сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен тауарлардың импорты кезінде төленген ҚҚС-тың жалпы сомасы;

ҚҚС3 – бейрезиденттен жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде төленген ҚҚС-тың жалпы сомасы;

ҚҚС4 – ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою күніне дейін салық төлеуші сатып алған, жасаған, салған тауарлар бойынша есепке жатқызылатын және ҚҚС бойынша тіркеу есебін есепке қою күніне меншік құқығындағы ҚҚС-тың жалпы сомасы;

ҚҚС5 – ҚҚС төлеуші жазып берген ЭШФ көрсетілген ҚҚС жалпы сомасы;

ҚҚС6 – тауарлардың қалдығы түрінде айналымдар бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алу кезінде есептелген ҚҚС жалпы сомасы.

  1. «E-Тамга» жүйесінде шығыстардың әрбір түрі бойынша жеке есепке алу іске асырылады:

1) үшінші елдерден импорт бойынша мынадай сомалардың ең азы айқындалады:

тауарларға арналған декларациялар бойынша ҚҚС-тың жалпы сомасының;

КБК 105102 бойынша төленген ҚҚС жалпы сомасы + кезең басындағы сальдо;

2) ЕАЭО елдерінен импорт бойынша мынадай сомалардың ең азы айқындалады:

ТІЖ бойынша ҚҚС жалпы сомасы;

105115 КБК  бойынша төленген ҚҚС жалпы сомасы + кезең басындағы сальдо;

3) Бейрезидент үшін ҚҚС бойынша мынадай сомалардың ең азы айқындалады:

бейрезидент үшін ЭШФ бойынша ҚҚС-тың жалпы сомасы;

105104 КБК  бойынша төленген ҚҚС жалпы сомасы + кезең басындағы сальдо);

4) ЭШФ бойынша (кіріс, сондай-ақ жазып берілген) есепке алу жазып беру күні бойынша ағымдағы кезең үшін жүргізіледі. Кері қайтарып алынған және түзетілген ЭШФ іс-әрекеттің жасалған күні (кері қайтарып алу күні немесе қосымша ЭШФ жазып беру күні) бойынша есепке алынады;

5) Пилоттық жобаға қатысушының мәліметтері бойынша ҚҚС – тауарлар қалдығы түріндегі айналымдар бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алу кезінде есептелген және ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою күніне дейін салық төлеуші сатып алған, жасаған, салған тауарлар бойынша есепке жатқызылатын салық сомасы есепке алынады.

  1. 2025 жылғы 1 тоқсандағы ҚҚС-тың автоматтандырылған балансын есептеу 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 наурызға дейінгі салық кезеңі үшін жүргізіледі.

Тоқсанның соңындағы ҚҚС-тың оң балансы келесі тоқсанда есептеу кезінде ескеріледі.

 

«Қосылған құн салығы бойынша болжамды міндеттемелердің автоматтандырылған есебін жүргізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы
Дата публикации
17 декабря 2024