«Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының кодекстерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.

ҚР ҚМ бұйрығының жобасы

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының

кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

  БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарында:

реттік нөмірі 220-жол алып тасталсын;

реттік нөмірі 229-жол алып тасталсын;

реттік нөмірі 239-жол алып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Лауазымы

 

Аты-жөні

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

ҚР ҚМ бұйрығының жобасы
Дата публикации
29 ноября 2024