ҚР ҚМ бұйрығының жобасы
«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында:
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Есеп нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерде салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚҚС асып кеткен сомасының анықтығын растау талапта және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген, салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тиесілі ҚҚС асып кеткен сомасына азайтылған сомалар шегінде мынадай:
1) өнім берушінің ҚҚС бойынша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтер және (немесе) электронды шот-фактуралар (бұдан әрі – ЭШФ) АЖ-да жазылған шот-фактуралар арасындағы салыстыру арқылы анықталған өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша ҚҚС сомасын төмендету;
2) өнім берушінің ҚҚС бойынша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтер және (немесе) өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінде көрсетілген мәліметтер және өзі сатып алған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша сатып алушының шот-фактуралар тізіліміндегі мәліметтер арасындағы алшақтық;
3) Салық кодексінің 85-бабына сәйкес ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлға ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап – осындай тұлғамен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
4) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
5) басшыға (құрылтайшыға) қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216 және 245-баптарында көрсетілген құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық істі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу фактісі бар, ақтайтын негіздер бойынша және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабының ақтамайтын негіздер қысқартылғандарды қоспағанда, өнім берушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
6) оған қатысты осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген тәуекелдер анықталған өнім берушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
7) көрсетілетін қызметті алушыны тақырыптық тексеру аяқталған күнге ҚҚС есепке жазылған сомаларын төлеу бойынша өнім берушілердің орындамаған салық міндеттемесінің болуы;
8) көрсетілетін қызметті алушыны тақырыптық тексеру аяқталғанға дейін Салық кодексінің 6-тарауына сәйкес ҚҚС төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімінің өзгеруі;
9) талап қою мерзімі шегінде көрсетілетін қызметті алушыны тақырыптық тексеру аяқталған күнге қосымша салық есептілігін ұсыну арқылы салық міндеттемелерін азайту фактілерін ескере отырып, бірақ олармен шектелмей, жүргізіледі.»;
52-1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі