ҚР ҚМ бұйрығының жобасы
БҰЙЫРАМЫН:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын толтыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінішті қатысушы мемлекеттік кірістер органына электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық түрде ұсынады.
Өтінішті ұсыну күні жүйеде қабылданған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде халықаралық топтың қатысушысына жіберілетін электрондық хабарламада көрсетілген, салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні болып табылады.
Есептілікті табыс ету мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келгенде, табыс ету күні келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
Бағдарламалық қамтамасыз ету болмаған не мемлекеттік кірістер органының бағдарламалық қамтамасыз етуінде техникалық ақаулықтар анықталған кезде қатысушы азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы немесе электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы өтінішті электрондық түрде ұсынады.
Өтінішті электрондық түрде ұсыну мүмкін болмаған кезде қатысушы мемлекеттік кірістер органына бұл туралы куәландыратын құжаттарды ұсынады және өтінішті қағаз жеткізгіште толтыра отырып, оны электрондық жеткізгіштегі көшірмелерімен қоса:
1) пошта байланыс ұйымының алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
2) келу тәртібінде 2 (екі) данада қағаз жеткізгіште ұсынады, оның 1 (бір) данасы мемлекеттік кірістер органдарының қабылдағаны туралы белгісімен қатысушыға қайтарылады.
Өтініш, егер:
1) осы Қағидаларда белгіленген мерзімде табыс етілмесе;
2) белгіленген нысанға сәйкес келмесе;
3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;
4) қаржы жылы көрсетілмесе;
5) электрондық цифрлық қолтаңбасы болмаса немесе дұрыс болмаса, табыс етілмеген деп есептеледі.»;
8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. «Халықаралық топтың қатысушысы туралы жалпы ақпарат» деген 1-бөлімде қатысушы туралы мынадай деректер көрсетіледі:»;
12-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)» деген жолда қатысушы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)» деген жолда – өтінішті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы
2024 жылғы «__» __________