ҚР ҚМ бұйрығының жобасы
« Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 наурыздағы № 404 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде өсімдік және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 566-бабының 3-тармағына, 580-бабының 4-тармағына, 584-бабының 4, 4-1 және 5-тармақтарына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақта:
3) және 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде өсімдік және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысаны;
5) тармақша алып тасталсын;
1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:»;
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
Аты-жөні |
ФИО |
Қазақстан Республикасының |
|
|
|
|
|
Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі