СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
Солтүстік Қазақстан олбысы бойынша ІМАД
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Аудиторлық іс-шараны өткізудің нақты мерзімінің болмауы (сәйкестік аудиті) аудиторлық іс-шараны өткізу мерзімін ұзарту және аудит объектісі мен мүдделі тұлғалар арасындағы мәселелерді шешу бөлігінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәуекелдерді тудырады. |
Ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларына, сондай-ақ сәйкестік аудиті бойынша аудиторлық іс-шараны өткізу мерзімдерін регламенттейтін электрондық норманы енгізу: "сәйкестік аудиті бойынша аудиторлық іс-шараны өткізу мерзімін алдағы жұмыстардың көлеміне, мемлекеттік аудитпен қамтылатын қаражат көлеміне, мемлекеттік аудит объектілерінің санына байланысты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы белгілейді, бірақ 30 жұмыс күнінен аспайды, қажет болған жағдайда аудиторлық іс-шараны өткізу мерзімін 30 жұмыс күніне дейін ұзартуға жол беріледі". |
Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне ұсыныстар жолданды |
|
Үнемі |
|
2. |
4-бағыт бойынша Мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізу кезінде әлеуетті өнім берушілерден келіп түскен өтініштерді бөлуді бөлім басшысы жүзеге асырады |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау мақсатында мемлекеттік сатып алу веб-порталымен келіп түскен өтініштерді автоматты түрде бөлу жолымен адами факторды алып тастауды ұсынамыз. |
Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне ұсыныстар жолданды |
|
Үнемі |
|
3. |
Мемлекеттік аудитордың аудит объектілерімен тікелей байланысы бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында қаржылық есептілік аудитін ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 413 бұйрығымен бекітілген Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларында айқындалған тәртіппен, яғни қаржылық есептіліктің электрондық мемлекеттік аудиті нысанында ғана жүргізу ұсынылады |
Жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийінің ұқсастығы бойынша Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін электрондық форматта орналастыру үшін электрондық портал енгізілсін. |
Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне ұсыныстар жолданды |
|
Үнемі |
|
4. |
Лауазымды тұлғаның әкімшілік іс қозғау кезінде заңсыз шешім қабылдауы. |
Лауазымды тұлғаның әкімшілік іс қозғау кезінде заңсыз шешім қабылдауы. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болғызбау және әкімшілік жүктемені азайту мақсатында аумақтық департаменттерге материалдарды бермей, ӘҚБтК-нің 207, 238, 239-баптары бойынша тексеру комиссиясы мен ішкі аудит қызметтеріне тәртіптік жаза қолдану жөніндегі өкілеттіктерді кеңейту қажет. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған лауазымды адамның еңбекке уақытша жарамсыздығы және демалыста немесе іссапарда болуы кезеңіне әкімшілік іс жүргізуді қарауды тоқтата тұру бөлігінде ӘҚБтК-ге өзгеріс енгізу |
Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне ұсыныстар жолданды |
|
Үнемі |