|
|
«Жетісу, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 355 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
|
|
|
|
БҰЙЫРАМЫН
- «Жетісу, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 355 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
көлемі:
Жетісу облысы – 10 109 801 000 (он миллиард жүз тоғыз миллион сегіз жүз бір мың) теңгеден артық емес;
Алматы облысы – 11 452 476 000 (он бір миллиард төрт жүз елу екі миллион төрт жүз жетпіс алты мың) теңгеден артық емес;
Жамбыл облысы – 18 509 365 000 (он сегіз миллиард бес жүз тоғыз миллион үш жүз алпыс бес мың) теңгеден артық емес;
Павлодар облысы – 9 288 784 000 (тоғыз миллиард екі жүз сексен сегіз миллион жеті жүз сексен төрт мың) теңгеден артық емес.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр М. Такиев