«Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БІРЛЕСКЕН НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫ МЕН БҰЙРЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Көрсетілген бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрыққа 2-қосымша:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-жолмен толықтырылсын:
«
|
112. |
Электрондық шот-фактуралардан мәліметтер: өнім берушінің деректемелері; алушының деректемелері; жүк жөнелтушінің және жүк алушының деректемелері; тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша деректер, оның ішінде, тауардың атауы, шығарылған жерінің белгісі, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды, тауар коды, өлшем бірлігі, саны, бағасы, құны, акциз, қосымша құн салығы, кедендік декларацияға сілтеме (импорт кезінде), айналым жасалған күн. |
».
1) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың көшірмелерінің электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі Жоғары аудиторлық
____________М. Т. Такиев палатасының төрағасы
__________Ә.А. Смайылов