«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 292-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

292.

Индустриялық-инновациялық қызмет пен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне көрсетілетін қаржы-экономикалық қызметтер

64991

республикалық меншік / коммуналдық меншік

1) «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

2) «Ақ Бидай-Терминал» акционерлік қоғамы;

3) «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамы;

4) «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы;

5) «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
6) «Жоғары технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

7) «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы

үнемі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

О. Бектенов

ППРК 1095 рус
Дата публикации
23 августа 2024