Үкіметтік қарыз алу 2024 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде жүзеге асырылды.
2024 жылдың 1 жартыжылдығында МБҚ-ны шығару арқылы ішкі қарыздардың түсімі 3 612,7 млрд. теңгені құрады.
Сыртқы қарыздардың түсімдері 47,6 млрд. теңгені құрады.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш 28 721,4 млрд.теңге немесе ЖІӨ-ге 21,3% құрады (ЖІӨ кезінде 134 952,3 млрд. тг.) оның ішінде:
1) мемлекеттік борыштың жалпы көлемінде үлесі 95,1% құрайтын үкіметтік борыш 27 324,8 млрд. теңге құрады,
Үкіметтік борыштың құрамы мынадай түрде қалыптасты:
- ішкі борышы – 20 186,1 млрд. теңге (74%),
- сыртқы борышы – 7 138,7 млрд. теңге (26%);
2) дисконтталған құны бойынша ҚР Ұлттық Банкінің ішкі борышы (қысқа мерзімді ноталар) 400,6 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 1,4% құрады;
3) жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелер портфелі шамамен 996,0 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 3,5% құрады.
Үкіметтік борыш мынадай түрде қалыптасты:
өтеу мерзімі бойынша:
пайыздық мөлшерлемесі бойынша:
Есепті кезеңде үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер 1 390 млрд. теңге құрады.