ҚР ҚМ бұйрығының жобасы
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1-жолмен толықтырылсын:
«
|
2-1. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы |
|
- |
2 |
1 |
2500 |
»;
реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
арнайы автокөлік – салық және кеден заңнамаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарына, қызметшілеріне және кеден бекеттерінің аумағына көліктік қызмет көрсетуге арналған жеңіл не жүк автомобилі, автобус, шағын автобус;
жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспауы тиіс;
жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіндегі қозғалтқыш көлемі автомобиль моделіне байланысты.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Лауазым Аты-жөні