ҚР ҚМ 2024 жылғы 16 шілдедегі № 452 бұйрығы
«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«2. Декларация жыл сайын, Салық кодексінің 633-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жылдан кейінгі жылдан бастап, есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынылады.
Декларация (1-қосымша) осы Қағидаларға сәйкес жасалады және 2022 жылдан бастап:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Декларация табыс ету міндеті жүктелген адамдар;
2024 жылдан бастап:

мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары ұсынады.».
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |