Ақмола облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 263 Қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 723 бұйрығымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2024 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2) көлемі:
Ақмола облысы – 10 209 313 000 (он миллиард екі жүз тоғыз миллион үш жүз он үш мың) теңгеден артық емес;
3) нысаналы мақсаты – жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандарға кейіннен жалға беру үшін дайын тұрғын үйді сатып алу.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі М. Такиев