Ақтөбе және Атырау облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Ақтөбе және Атырау облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 263 Қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 723 бұйрығымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Ақтөбе және Атырау облыстарының жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2024 жыл;

бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

2) көлемі:

Ақтөбе облысы – 13 781 108 000 (он үш миллиард жеті жүз сексен бір миллион жүз сегіз мың) теңгеден артық емес;

Атырау облысы – 7 877 591 000 (жеті миллиард сегіз жүз жетпіс жеті миллион бес жүз тоқсан бір мың) теңгеден артық емес;

3) нысаналы мақсаты – жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандарға кейіннен жалға беру үшін дайын тұрғын үйді сатып алу.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі                                                               М. Такиев

«Ақтөбе және Атырау облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 384 бұйрығы
Дата публикации
24 июня 2024