Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізімі

 

     

 

                                                                                                                                                                                    

№ р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

Аяқтау формасы

Уәкілетті мемлекеттік органының ұстанымы

 

Орындау мерзімі

1.

Тәуекел деңгейі төмен СЭҚ қатысушыларға (ірі СЭҚ қатысушыларға, біртекті тауарлар және т.б.) қатысты кедендік тексерулер жүргізу.

 

Сыбайлас жемқорлық факторлары:

Кедендік тексеру басқармасының лауазымды қызметкерлері СЭҚ қатысушыларға қатысты кедендік тексеру барысында жасанды уақыт созуы, яғни, кеден заңнамасын бұзу қаупі төмен біртекті тауарларды әкелу процесін жеделдетіп тексеру үшін ақша өндіріп алу мақсатында.

 

Автоматтандырылған басқару жүйесінің тәуекел бейіндеріне сәйкес,  тәуекелдің ең төмен дәрежесі бар сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды кедендік тексеру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында, адал салық төлеушілер болып табылатын ірі СЭҚ қатысушылардың көрсетілген санатын ескере отырып «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесіндегі тәуекелдерді бағалау құралдарының параметрлерін қайта қарау және автоматтандырылған бақылау жүйелерінің тәуекел профилінен компания деректерін алып тастау қажет.

Кедендік тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізу үшін ақпаратты жіберу, сондай-ақ кедендік бақылауды жүзеге асыру, сонымен қоса, әкімшілендіру жүйесі бойынша «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде тәуекелді бағалау құралдарын конфигурациялайтын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне ақпарат ұсыну.

Ұзақ уақыт бойы бірдей тауарлар, сыртқы сауда қызметінің адал қатысушылары болып табылатын және тауарларды сенімсіз декларациялау тәуекелінің төмен деңгейі бар, тек бiртектi тауарларды әкелетiн сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, сондай-ақ тауарларды әкелетiн iрi компаниялардың кедендiк тексерулерiн алып тастаудың өлшемшарттары мен тәуекелдер көрсеткiштерiне өзгерiстер енгiзу.

 

2025

2.

Алматы Халықаралық әуежайында жолаушыларға қатысты кедендік бақылау жүргізу.

 

Сыбайлас жемқорлық факторлары:

Алматы Халықаралық әуежайының жолаушылар терминалында жолаушыларға қатысты кедендік бақылау шеңберінде «Жетісу» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары мен бекет басшылығының бақылауынан тыс жолаушылар арасында тікелей байланыс орнатылады. Сөйтіп, тауарлар мен басқа да заттарды кедендік бақылаудан жасыру мақсатында жолаушылар мен бекет  қызметкерлері арасында өзара келісу қаупі бар.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар терминалында кедендік бақылауды жүзеге асыратын «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлерін кедендік бақылаудың барысын тіркеу үшін  бақылауды онлайн режимінде жүзеге асыру үшін басқарудан қашықтан қол жеткізу мүмкіндігі бар арнайы бейнежетондармен жарақтандыруды қарастыру қажет.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне бейнежетондарды сатып алуға қаражат бөлу қажеттігі туралы ұсыныс жіберу.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін халықаралық елдер тәжірибесінен кедендік бақылау нысандары бойынша оқыту семинарларын өткізу қажет.

 

Бейнежетондарды сатып алуға қаражат бөлінген соң

                                                     

                                                                                                                                                                              

                                                     

                                                     

                

                                    

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізімі
Дата публикации
14 июня 2024