«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларында:

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мынадай есептердің түрлерін жасайды және ұсынады:

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарының орындалуы туралы есеп – 1-АҚ нысаны бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 1-АҚ нысаны);

филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін ақша түсімдері және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2-ДК нысаны бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 2-ДК нысаны);

өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп – 3-ӨШ нысаны бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 3-ӨШ нысаны);

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген 4-20 нысан бойынша бюджеттік сыныптама жөніндегі шығыстар бойынша жиынтық есеп (бұдан әрі – 4-20-нысан);

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі-МӘСҚ) түсімдері мен шығыстары осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес 8-МӘСҚ нысаны (бұдан әрі – 8-МӘСҚ нысаны) бойынша туралы есеп;

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – ӘлМСҚ) түсімдері мен шығыстары туралы есеп осы Қағидаларға 9-2-қосымшаға сәйкес 8-ӘлМСҚ нысаны бойынша (бұдан әрі-8 – ӘлМСҚ нысаны);

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының (бұдан әрі – БИҚҚ) түсімдері мен шығыстары туралы есеп осы Қағидаларға 9-3-қосымшаға сәйкес 9-БИҚҚ нысаны бойынша (бұдан әрі – 9-БИҚҚ нысаны);

Арнаулы мемлекеттік қорының (бұдан әрі – АМҚ) түсімдері мен шығыстары туралы есеп осы Қағидалардың 9-4-қосымшасына сәйкес 10-АМҚ нысаны бойынша (бұдан әрі - 10-АМҚ нысаны);

АМҚ түсімдері мен шығыстары туралы есеп осы Қағидалардың 9-5-қосымшасына сәйкес 11-арнаулы мемлекеттік қоры-тиісті саланың орталық уәкілетті органы/тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы/активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган нысаны бойынша (бұдан әрі - 11-АМҚ-ОУО/ЖУО/УО нысаны).»;

65-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«65. Шоғырландырылған бюджет – өздерінің арасында өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын, Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен төлемдерін, МӘСҚ түсімдері мен шығыстарын, БИҚҚ түсімдері мен шығыстарын, АМҚ түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры.»;

77-тармақтың екінші бөлігі бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау мына:

1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша жиынтық) есептің;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы есептің;

4) Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланыл уы және жәбірленушілерге жүргізілген өтемақы төлемдері туралы есептің;

5) МӘСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

6) ӘлМСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

7) БИҚҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

8) АМҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің негізінде жүргізіледі.»;

80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«80. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есеп өзіне мынадай бөлімдерді (кіші бөлімдерді) қамтиды:

1) кірістер (I):

салықтық түсімдер;

салықтық емес түсімдер;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;

трансферттер түсімдері;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер (II);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер (III);

4) МӘСҚ-ға түсетін түсімдер (IV);

5) ӘлМСҚ-ға түсетін түсімдер (V);

6) шығындар (VI):

7) Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер (VII);

8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды жабу (VIII);

9) МӘСҚ шығыстары (IХ);

10) ӘлМСҚ шығыстары (Х);

11) БИҚҚ шығыстары (ХI);

12) АМҚ шығыстары (ХII);

13) таза бюджеттік кредит беру (ХIII):

бюджеттік кредиттер;

бюджеттік кредиттерді өтеу;

14) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо (XIV):

қаржы активтерін сатып алу;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

15) бюджет тапшылығы (профициті) (XV);

16) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) (XVI);

17) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) (XVII):

қарыздар түсімі;

қарыздарды өтеу;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары;

18) «Бюджет қаражатының қалдықтары» анықтамалық бөлімі:

қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары;

есепті кезең соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары.

Бюджет тапшылығы (профициті) мынадай формула бойынша анқталады:

Db(Pb) = D+Ip+Id+Dgfss+Dfsms-Z-Pr-Wk-K-S-Rfgss-Rfsms – Rfpio - Rsgf, мұнда:

Ip – Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер;

Id – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;

Dgfss – МӘСҚ-ға түсімдер;

Dfsms – ӘлМСҚ-ға түсімдер.

Pr – Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды жабу;

Wk – Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚБШ төлеу;

Rgfss – МӘСҚ шығыстары;

Rfsms – ӘлМСҚ шығыстары;

Rfpio – БИҚҚ шығыстары;

Rsgf - АМҚ шығыстары.

Теріс белгісімен алынған шама тапшылық, оң белгісімен алынған шама – бюджеттің профициті болып табылады.

Бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) мынадай формула бойынша анықталады:

NDb(NPb) = D - T (NF) - VTP + Ip + Id + Dgfss +Dfsms – Z – Pr – Wk -K – S – Rgfss – Rfsms- Rfpio - Rsgf.

Теріс белгісімен алынған шама мұнайға қатысты емес тапшылығы, оң белгісімен алынған шама – бюджеттің мұнайға қатысты емес профициті болып табылады.»;

89-тармақтың екінші бөлігі бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы айлық есеп, есептiден кейiнгi айдың 15-iнде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға да, мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы айлық есеп есептiден кейiнгi айдың 20-сында - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады.»;

90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«90. Мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы жылдық есептi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға өткен қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының есептерiн Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн он жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынады.»;

94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«94. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы айлық/жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі:

1) ведомство ұсынған республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректердің;

2) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ұсынған, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша жиынтық) есептің;

3) ведомство ұсынған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы есептің;

4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау функциясын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі ұсынған Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістердің және Ұлттық Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің жоспарлы көрсеткіштерінің;

5) ведомство ұсынған Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен оның пайдаланылуы және жәбірленушілерге жүргізілген өтемақы төлемдері туралы есептің;

6) МӘСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

7) ӘлМСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

8) БИҚҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

9) АМҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің негізінде жасалады.»;

6-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«6-1-тарау. Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті, МӘСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есепті, ӘлМСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есепті, БИҚҚ түсімдері мен шығыстары туралы есепті, АМҚ түсімдері мен шығыстары туралы есепті жасау мен ұсыну тәртібі»;

мынадай мазмұндағы 104-4 тармақпен толықтырылсын:

«104-4. АМҚ түсімдері мен шығыстары туралы айлық, жылдық есепті мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, тиісті саланың орталық уәкілетті органы, тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган жасайды және бөлімдерді қамтиды:

  1. мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган үшін:

1) АМҚ кірістері - салықтық емес түсімдер, барлығы (I),

2) АМҚ шығыстары, барлығы (II);

3) кірістер мен шығыстар сальдосы (III);

4) қаржы жылының басындағы АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы (IV);

5) есепті кезеңнің аяғындағы АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы (V).

I «АМҚ кірістері - салықтық емес түсімдер, барлығы» бөлімі бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары және ерекшеліктері бойынша АМҚ салықтық емес түсімдердің сомаларын көрсетеді.

II «АМҚ шығыстары, барлығы» бөлімі АМҚ шотынан жүргізілген төлемдер сомасын көрсетеді.

III «Кірістер мен шығыстар сальдосы» бөлімі I «АМҚ кірістері - салықтық емес түсімдер, барлығы» және II «АМҚ шығыстары, барлығы» бөлімдері арасындағы айырмашылықтың сомасын көрсетеді.

IV «Қаржы жылының басындағы АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы» бөлімі қаржы жылының басындағы АМҚ ақша қалдығының сомасын көрсетеді.

V «Есепті кезеңнің соңындағы АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы» бөлімі III «Кірістер мен шығыстар сальдосы» және IV «Қаржы жылының басындағы АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы» бөлімдерінің қорытынды сомасын көрсетеді.

  1. тиісті саланың орталық және жергілікті уәкілетті органдары және активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган үшін:

1) ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-ға түсімдері, барлығы (I);

2) ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дан шығыстар, барлығы (II);

3) Түсімдер мен шығыстардың сальдосы (III);

4) Қаржы жылының басындағы ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы (IV);

5) Есепті кезеңнің аяғындағы ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы (V).

I «ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-ға түсімдері, барлығы» бөлімі бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамаларының кодтары (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік) бойынша салықтық емес түсімдердің сомаларын көрсетеді.

II «ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дан шығыстар, барлығы» бөлімі жүргізілген төлемдер сомасын, оның ішінде өңірлер бойынша және жобалар бойынша, бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамаларының кодтары бойынша (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік) көрсетеді.

III «Түсімдер мен шығыстардың сальдосы» бөлімі бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамаларының кодтары (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік) бойынша I «ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-ға түсімдері, барлығы» және II «ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дан шығыстар, барлығы» бөлімдерінің арасындағы айырма сомасын көрсетеді.

IV «Қаржы жылының басындағы ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы» бөлімі бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамаларының кодтары (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік) бойынша қаржы жылының басындағы ақша қалдығының сомасын көрсетеді.

V «Есепті кезеңнің аяғындағы ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы» бөлімі бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамаларының кодтары (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік) бойынша III «Түсімдер мен шығыстардың сальдосы» және IV «Қаржы жылының басындағы ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы» бөлімдерінің қорытынды сомасын көрсетеді.

АМҚ қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша есепті мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 9-4-қосымшасына сәйкес ұсынады.

Тиісті саланың орталық уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша есепті тиісті саланың орталық уәкілетті органы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 9-5-қосымшасына сәйкес ұсынады.

Тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша есепті тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы тиісті саланың орталық уәкілетті органына ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 9-5-қосымшасына сәйкес ұсынады.

Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша есепті активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 9-5-қосымшасына сәйкес ұсынады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

9-3-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

көрсетілген Қағидаларға 9-4 және 9-5-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толықтырылсын;

көрсетілген Қағидаларға 12-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 21-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

 

М. Такиев

Дата публикации
12 июня 2024