Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы қаулы жобасы

 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алатау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
  2. Мыналар:

1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қатонқарағай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен;

 2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Күршім ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Марқакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен;

3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жаңасемей ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен;

4) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Үржар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақаншы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы»  республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

  1. Осы қаулының 1 және 2-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерін қаржыландыру 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі үшін көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
  2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі» деген                   1-бөлімде:

мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:

 «49-1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алатау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.»;

мынадай мазмұндағы 211-1-тармақпен толықтырылсын:

«211-1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.»;

мынадай мазмұндағы 214-1-тармақпен толықтырылсын:

 «214-1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Марқакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.»;

мынадай мазмұндағы  261-1-тармақпен толықтырылсын:

 «261-1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жаңасемей ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.»;

мынадай мазмұндағы 268-1-тармақпен толықтырылсын:

 

 «268-1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Маканчи ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.».

  1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

    Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                     О. Бектенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қаулы жобасы
Дата публикации
03 мая 2024