Баспасөз релизі
ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2024 жылдың 1 тоқсаны бойынша жұмыс қорытындылары
Салықтық және кедендік дауларды қарау бойынша Апелляциялық комиссия 2024 жылдың 1 тоқсаныңда 11 отырыс өткізді және, сонда салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылардың 78 шағымы қаралды.
Қаралған 78 шағымның 19-ы толықтай немесе ішінара жойылды, яғни барлық қаралған шағмынан 24 %. Осыған ұқсас былтырғы жылмен салыстырғанда қаралған шағымдардың саны 26-ға немесе 50 % өсті.
2024 жылдың 1 тоқсанындағы Аппеляциялық комиссияның отырысына салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың 16 өкілдері қатысты және Апелляциялық комиссияның мүшелеріне тікелей өздерінің дәлелдерін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.minfin.gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 946 шешім орналастырылды, соның ішінде 2024 жылдың 1 тоқсанында 24 шешім орналастырылды.
Бұдан басқа, сол шешімдер «Қазақстандағы салықтар», «Есеп KZ» және «ПАРАГРАФ» бизнес-қоғамдастықтарының интернет-ресурстарында орналастырылды.