«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2024 жылғы 29 наурызындағы №169 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

2024 жылғы 29 наурызындағы №169 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24367 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысаны (270.00-нысан);

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жасау қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысаны (270.00-нысан);

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жасау қағидалары  бекітілсін.»;

осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес 3 және 4-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жасау қағидаларында (270.00-нысан):

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Декларация жыл сайын, Салық кодексінің 633-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жылдан кейінгі келесі жылдан бастап, есепті салық кезеңінің
31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынылады.

Декларация (1-қосымша) осы Қағидаларға сәйкес жасалады және                  2022 жылдан бастап 2023 жыл арасына ұсынылады:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының, «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Декларация табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар табыс етеді.».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
  • осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және жеке тұлғаның 2023 жылға декларация табыс ету бойынша салықтық міндеттемелеріне байланысты, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарына қолданылады.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

 

бұйрық
Дата публикации
29 марта 2024