Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы "«Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 402 бұйрықтың күші жойылды деп тану туралы"

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы

«Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 402 бұйрықтың күші жойылды деп тану туралы

   «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы
13
сәуірдегі № 402 бұйрықтың күші жойылды деп тану туралы бұйрықтың (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде №27557 реттік санымен тіркелген) күші жойылды деп танылсын;

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

 

  1. Осы бұйрық 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Лауазымы   Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

бұйрық жобасы
Дата публикации
27 марта 2024