Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 09.02.2024 № 73 бұйрығымен бекітілген
Сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Жұманғариннің 2023 жылғы 22 қыркүйекте бекіткен Тауарлар қозғалысының барлық кезеңінде (әкелу, өндіру, өткізу) оларды жан-жақты бақылау мақсатында тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі - пилоттық жоба) жүргізудің әдістемелік ұсынымдары
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) бекітілсін.
1) 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап 2025 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде пилотты жүргізуді қамтамасыз етсін;
2) жүргізілген пилоттық жобаның нәтижелері туралы есепті 2025 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде ұсынсын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
Министр М. Такиев