«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысаны (270.00-нысан);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жасау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысаны (270.00-нысан);
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жасау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жасау қағидаларында (270.00-нысан):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Декларацияны жыл сайын, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |