Правительственное заимствование осуществлялось в рамках уточненного размера дефицита республиканского бюджета на 2023 год.
Үкіметтік қарыз алу 2023 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығының нақтылған мөлшері шеңберінде жүзеге асырылды.
2023 жылда МБҚ-ны шығару арқылы ішкі қарыздардың түсімі 5 096,3 млрд. теңгені құрады.
Сыртқы қарыздардың түсімдері 251,9 млрд. теңгені құрады.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш 27 165,7 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 22,8% құрады (ЖІӨ кезінде, 119 123,7 млрд. тг.) оның ішінде:
1) мемлекеттік борыштың жалпы көлемінде үлесі 91,7% құрайтын үкіметтік борыш 24 914,7 млрд.теңге құрады,
Үкіметтік борыштың құрамы мынадай түрде қалыптасты:
- ішкі борышы – 17 834,0 млрд. теңге (71,6%),
- сыртқы борышы – 7 080,7 млрд. теңге (28,4%);
2) дисконтталған құны бойынша ҚР Ұлттық Банкінің ішкі борышы (қысқа мерзімді ноталар) 1 200,0 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 4,4% құрады;
3) жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелер портфелі шамамен 1 051,0 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 3,9% құрады.
Үкіметтік борыш мынадай түрде қалыптасты:
өтеу мерзімі бойынша:
пайыздық мөлшерлемесі бойынша:
Есепті кезеңде үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер 1 808,1 млрд. теңге құрады.