Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 481 бұйрығы «Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 481 бұйрығы «Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау  және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21302 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларында:

47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«47. Оператор ТТҚ АЖ-да Қабылдау/беру актісін тіркеу нәтижелері бойынша нақты уақыт режимінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріне осы Қабылдау/беру актісі бойынша мәліметтерді, оның ішінде берілетін тауардың саны және құны бойынша ақпаратты береді»;

51-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«51. Анықталған алшақтықтар туралы хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жеткізушінің ЖСН немесе БСН;

      2) алушының ЖСН немесе БСН;

      3) темекі өнімдерінің қабылданған орамалардағы сәйкестендіру кодтарының тізімі;

      4) Қабылдау/беру актісінде мәліметтері жоқ (бар болса) темекі өнімдерінің орамаларындағы сәйкестендіру кодтарының тізімі;

5) бағасы және/немесе құны бойынша мәліметтер Қабылдау/беру актісінде дұрыс емес сәйкестендіру кодтары мен темекі бұйымдарының тізімі;  

6) Қабылдау/беру актісінің деректемелері;»;

57-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес темекі өнімдерін бөлшек сауда жүзеге асыратын микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты айналымға қатысушының ТТҚ АЖ-да айналымға қатысушының алынған темекі бұйымдарын айналымнан автоматты түрде шығаруға келісетіні туралы тиісті белгі болған кезде айналымға қатысушының ТТҚ АЖ-ға ұсынған Қабылдау/беру актісін растау туралы мәліметтер негізінде осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген айналымнан шығару туралы ТТҚ АЖ-да бұйымдар мен ақпараттың болмауы.»;

75-тармақ алып тасталсын;

көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың үшінші, төртінші, жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 481 бұйрығы«Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
24 июля 2024