Баспасөз релизі ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2023 жылғы жұмыс қорытындылары

 Баспасөз релизі

 ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2023 жылғы жұмыс қорытындылары

 2023 жылы Апелляциялық комиссия 44 отырыс өткізді, сонда 290 шағым қаралып, салық төлеушілердің/СЭҚ қатысушылардың дәлелдері қабылданып, 87 тексерістің  нәтижелері жойылды, яғни барлық қаралған шағымнан 30%.

2023 жылғы Аппеляциялық комиссиясының отырыстарына тікелей салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың 228 өкілдері қатысты және Апелляциялық комиссияның мүшелеріне өздерінің дәлелдерін жеткізді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 918 шешім орналастырылды, соның ішінде 2023 жылда 155 шешім орналастырылды. 

Бұдан басқа, «Қазақстандағы салықтар» және «Есеп KZ» бизнес-қоғамдастықтарының интернет-ресурстарында салықтық және кедендік даулар бойынша 310 шешім орналастырылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Апелляциялық комиссияның шешімдерін бизнес - қоғамдастық пен мемлекеттік органдар арасында өте танымал «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесіне орналастыру бойынша жұмыс басталды, онда салық төлеушілер шағымдарды қарау нәтижелерімен өтеусіз негізде таныса алады (123 шешім орналастырылды).

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Аппеляциялық комиссиясының интернет желісінде Instagram (арнасы «QARJYMINKZ»), Telegram  (арнасы «Қаржы Channel»), You Tube (арнасы «QARJYMINKZ») видеотаспа жарияланды. Ол ішінде салықтық шағымдармен кедендік тексерістерге байланысты жиі кездесетін сұрақтар ұсынылған. Белгіленген жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуді жоспарлап отыр.

Дата публикации
11 января 2024