Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы
13 сәуірдегі № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің
    2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27586 болып тіркелген) мынадай өзгерістер еңгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарларының тізбесі, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы №166-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік  құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32474 болып тіркелген);».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция

министрлігі

 

 

«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің

2023 жылғы «_15_» _желтоқсан_ № _1294_ бұйрығына

салыстырмалы кесте

 

№ р/с

Құқықтық актінің құрылымдық элементі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығы

1

3-тармақ

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және
2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

ЭШФ және онлайн БКМ чектері бойынша мәліметтерді беру бөлігінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі (бұдан әрі –ҚР СИМ) 2021 жылғы 1 маусымдағы №306 бірлескен бұйрыққа қол қойды.

ҚР СИМ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, тас көмірге және астыққа бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында (бұдан әрі–ӘМАТ) электрондық
шот-фактуралар бойынша ұсынылатын деректерге талдау жүргізді.

Жүргізілген талдау барысында сауда үстемесінің мөлшерін бұзу фактілері, монополияға қарсы заңнаманы реттеуге жататын өнімсіз делдалдар, монополистер, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарында тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдар анықталды (сауда үстемесінің мөлшерден асып кету қаупі бар: 2022 жылы
1034 тізбектен 310, 2023 жылы
716 тізбектен анықталды,
122 бойынша тәуекелдер анықталды).

Жоғарыда жазылғғандардың негізінде өндірушіден (импорттаушыдан) бөлшек сатушыға дейін азық-түлік тауарларының өткізілуін, өткізілуін қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында ҚР СИМ ұсынысы бойынша осы бұйрыққа пилоттық жобаны іске асыру мерзімін 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту бөлігінде өзгеріс енгізіледі (31.08.2023 ж шығ.
№ 02-21//12-01/04-520//7806 ПАБ-11
(50.1-т.)/1.5.4.)

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары

2

2 тармақтың 1) тармақша

сы

1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – тізбесі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген
адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын
азық-түлік тауарлары;

1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын
азық-түлік тауарларының тізбесі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің
2023 жылғы 11 мамырдағы №166-НҚ бұйрығымен бекітілген
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32474 болып тіркелген);

«Құқықтық актілер туралы» Заңның 50-бабына сәйкес мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингті қоғамдық және ғылыми  ұйымдардың, азаматтардың ұсынымдарын болжау және талдау жолымен оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жолымен жүргізеді.

Жүргізілген талдау шеңберінде «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
1 наурыздағы № 145 қаулысы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2023 жылғы 20 маусымдағы № 489 қаулысымен күші жойылды деп анықталды. Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының тізбесі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы
11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 келген).

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
29 декабря 2023