«Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |