Қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңдылықты қамтамасыз ету-құқықтық мемлекеттің басты қағидаты.
Заңның үстемдігі ережелеріне негізделген мемлекет жеке адамның және қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын көздейтін мақсаттар мен міндеттер қояды, сондай-ақ мынадай қағидаттарға негізделеді:
- құқықтың басымдығы;
- адам және азаматтың құқықтық қорғалуы;
- биліктің бөлінуі;
- заңның үстемдігі;
- азаматтық қоғамның болуы;
- соттардың тәуелсіздігі.
Құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету халықаралық қоғамдастықтың жаһандық мақсаты болып табылады, осыған байланысты көптеген мемлекеттер биліктің қайнар көзі ретінде халықтың еркіне бағынатын құқықтық мемлекет моделін құруда демократиялық және құқықтық негіздерді дамытады.
Адам құқықтары табиғаты бойынша әмбебап болып табылады және бірқатар халықаралық құжаттарда және оларға сәйкес мемлекеттердің негізгі заңдарында бекітілген.
Конституциялық деңгейде халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларына міндеттелген, сондай – ақ өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітуге ұмтылысын бекіте отырып, Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамаға адам құқықтарын қорғаудың басты бағыттары бойынша халықаралық стандарттарды енгізу бойынша жоспарлы саясат жүргізеді.
Қазақстан адам құқықтары саласындағы 70-тен астам көпжақты әмбебап халықаралық шарттарға, соның ішінде адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясына және БҰҰ-ның 8 құқық қорғау конвенциясына қатысушы болып табылады.
БҰҰ-мен тығыз ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан жүргізілген реформалар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы мерзімді ұлттық баяндамаларды БҰҰ-ның тиісті органдарына тұрақты түрде жолдайды. Бұл баяндамалар, басқалармен қатар, Қазақстан БҰҰ-ның әртүрлі конвенцияларының, соның ішінде әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы, азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлеріне қарсы, бала құқықтары туралы, азаматтық және саяси құқықтар туралы, экономикалық құқықтар туралы, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактілер ұсынымдарын іске асыруға бағытталған жоспарларды қабылдайтынын атап өтеді.
Қазақстан азаматтық қоғамның қатысуымен Адам құқықтары саласындағы бірнеше іс-қимыл жоспарлары мен даму бағдарламаларын қабылдады, соның ішінде халықаралық стандартқа сәйкес келетін институционалдық өзгерістерді қабылдау арқылы заңнаманы реформалады. Мысалыға, Қазақстан 2022 жылғы 28 сәуірде бекіткен адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы одан әрі шаралар жоспары әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою; бірлесу бостандығына құқық; мүгедектігі бар адамдардың құқықтары; көшіп-қонушыларға қатысты, азаматтығы жоқ адамдарға және босқындарға қатысты; қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу саласында; адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету бойынша БҰҰ органдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруді қарастырады.
Қазақстан Республикасындағы заңның үстемдігі ресми түрде танылады және ол Конституцияның тікелей әрекеті арқылы және қолданыстағы заңнамадан халықаралық актілердің басымдығын тану арқылы; нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптама жүргізу, прокурорлық ден қою, соттардың қызметі арқылы заңның үстемдігін қамтамасыз ету арқылы және т. б.тікелей іске асырылады.